Израильдіктер соғысқа қарсы шеруге шықты
Йерусалимде шеруге шыққан израильдіктер Газадағы соғысты тоқтатуды және кепілдегілердің барлығын босатуды талап етті. Әрі Израильді осындай жағдайға әкелген режимге қарсы шықты. Демонстранттар Газадағы кеңейтілген әскери операция «Хамас» тобының кепіліндегі азаматтарды босатуды қиындатуы мүмкін деп алаңдайды. Израиль күштері дүйсенбінің кешінде Газа қаласын оккупациялай бастады. Шабуыл әуеден де, құрлықтан да жүріп жатыр. Тіптен әскери катерлер де қосылған.
БҰҰ-ның бас хатшысы Газадағы жағдай адам төзгісіз деп мәлімдеді. Антониу
Гуттериш келесі аптада Израиль премьерімен және АҚШ президентімен кездесуге
ниетті екенін мәлімдеді.
Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:
Газадағы жағдай жантүршігерлік. Адамдар тұратын аудандар, Газа қаласы қирап жатыр. Бейбіт тұрғындар жаппай оққа ұшты. Бас хатшы болғалы мұндай жағдайға бірінші рет куә болуым. Гуманитарлық көмек таратуда қиындықтар бар, тіптен толық тоқтап қалды. Салдарынан Палестина халқы қасірет шегіп отыр. Моральдық, саяси және заңды тұрғыдан бұлай болмауы тиіс.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05
Астана әуесінде әскери ұшақтар жаттығады
02.11.2026, 13:03
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00