Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
Түркістан облысының Ордабасы ауданында заманауи спорт кешені салынып жатыр. Аудан орталығы Темірлан ауылында бой көтеріп жатқан жабық бассейн мен теннис кортының құрылысына бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Кешенде ұзындығы 25, ені 15 метрлік жабық бассейн салынады. Мамандар төрт жолақты жүзу алаңынан бөлек, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да суға түсіп, емін алуға мүмкіндік жасалатынын айтады. Кешеннің екінші ғимараты теннис кортына арналған. Мұнда халықаралық теннис федерациясының ережелеріне сай жекелей және жұптық ойындардан сайыс өткізуге мүмкіндік бар.
Әбутәліп Тоқтағұлов, Темірлан ауылының тұрғыны:
Немерелерім екеуі қаладағы жүзу бассейініне барып келеді. Ендігі жылы осы кешен бітетін болса, жақын жерден керемет болайын деп тұр. Елдің барлығы балаларымыз қатысса, осы жерге келіп, спортпен шұғылданса, бос уақытын бекер өткізбей, керемет болатын еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы