Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
«Әділет» партиясы Президент Жолдауын түсіндіруге атсалыспақ. Партия депутаттары кеңейтілген отырыста алдағы міндеттерді талқылады. Негізгі бағыт - заңнаманы жетілдіру, өңірлердегі жұмыстарды жандандыру. Алдағы бір айда Жолдау бастамаларын түсіндіруге арналған 3 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Сондай-ақ инфрақұрылым нысандарына қоғамдық бақылау күшейтіліп, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жұмысы қолға алынады. Бұдан бөлек бизнесті қолдау және жастарды жұмыспен қамту мәселелері де қаралды.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
Сонымен қатар партия жанынан партиялық бақылау комитеті құрылып, оның өңірлік және аумақтық комиссиялары жұмысын бастады. Комитет бақылау тетіктерін нақты нысандар деңгейінде де күшейтуі тиіс. Құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін ашып, олардың жұмысын жүйелі жолға қоюымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы