Басты Жаңалықтар Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті

Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті

Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті. Олар жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жалпақ жұртқа кеңінен түсіндіріп жатыр. Бүгін құрамында Халық кеңесінің өкілдері бар топ Қосшыдағы ұстаздармен кездесті. Жолдауда айтылған мұғалімдерге қатысты мәлімдемелердің мән-маңызына тоқталды. Педагогтің негізгі миссиясы - балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу деді Президент. Сондықтан талқылау алаңында ағартушылардың абырой-беделін қорғау, оқушы, ата-ана және мектеп арасындағы ортақ жауапкершілікті күшейту міндеттері айтылды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған басқа да бағыттар бойынша пікір алмасты.

Шолпан Каринова, Құрылтай депутаты:

Мұғалімдерге бірінші кезекте айтарым - Педагогикалық ұжымның ішінде осы жолдауды өзіне тікелей қалай орындаймын, жолдауды орындау үшін әр мұғалімнен не талап етіледі, педагогикалық ұжымнан не талап етіледі деген сұраққа назар аударғым келді. Осы кезде біз Президент айтқан сапалы білім және адал азаматты тәрбиелеу арқылы халқымыздың білімділігін, әл-ауқатын арттыруға тікелей мұғалімнің әсерін көрсете аламыз.

Бөлісу