Мыңдаған палестиналық Газа қаласынан қашуға мәжбүр
Газа қаласынан палестиналықтар қашып жатыр. Олардың жаппай бас сауғалауына Израиль армиясының бұл шаһарды оккупациялау операциясын бастауы себепші. Кейінгі екі күнде ЦАХАЛ күштері жиырма нысанға соққы берген. Одан балалар ауруханасы да зардап шегіп, науқастардың жартысы туыстарымен бірге эвакуацияланды. Жалпы алғанда, Израиль әскері «Хамастың» соңғы бекінісі Газада 3 мыңдай содырды жойып, олардың қолында екі жылдан бері кепілдікте отырған адамдарды босатуды көздеп отыр. Бірақ осы науқан үшін Израиль қазір үлкен халықаралық сынға ұшырап жатыр. Дүниежүзіндегі 20 шақты гуманитарлық ұйымның жетекшісі әлем елдерінің лидерлеріне үндеу жасап, оларды Газадағы жантүршігерлік жағдайға тезірек араласуға шақырды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15