Филиппин аралдарында «Рагаса» атты дүлей дауыл соқты
Филиппин аралдарында «Рагаса» атты дүлей дауыл соқты. Су тасқыны, лай көшкіні болып, үйлер мен инфрақұрылым қирауы мүмкін екені ескертілді. Осыған байланысты аралдық мемлекеттің мыңдаған тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Ел астанасы Маниланы қоса алғанда бірнеше қалада мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабық. Супертайфун кезінде желдің екпіні сағатына 230 шақырымға жеткен. Бұған қоса теңізде биіктігі 3 метр толқын көтерілуі мүмкін деген қауіп бар. Филиппиннен кейін «Рагаса» дауылы Қытайға ойысады. Елдің Гуандун провинциясы, Гонконг пен Тайвань дүлей дауылмен күреске дайындалып жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05
Астана әуесінде әскери ұшақтар жаттығады
02.11.2026, 13:03
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00