Италияда Газаны қолдаған жалпыұлттық шеру өтті
Италияның 80 қаласы мен қалашығында Газадағы палестиналықтардың жаппай өліміне қарсы 24 сағаттық жалпыұлттық шеру өтті. Оған қатысушылар ел билігінен Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзуді, санкциялар жариялауды талап еткен. Наразылық акциясына теңіз көлігі, логистика, темір жол, білім саласы тәрізді бірқатар сала қызметкерлері қатысты. Милан мен Венеция қалаларында демонстранттар полициямен қақтығысқан. Болоньяда автострада бұғатталса, Генуяда порттарға кіретін жолдар жабылды. Полиция шеруді тарату үшін су, газ қаруын қолданған. Ал шеруге шыққандар тәртіп сақшыларына орындық, жанғыш файерлер лақтырды. 60-тан аса полиция қызметкері зардап шеккен. Миландағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған адам ұсталды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05
Астана әуесінде әскери ұшақтар жаттығады
02.11.2026, 13:03
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00