Президент: Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты
Соңғы 5 жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция 5 есе өсті. Президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Елімізде зерттеу университеттері көбейіп әрі олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа кірісті. Мемлекет тарапынан жастарға, ғалымдарға ерекше қолдау көрсетіліп жатқанын айтқан Президент ғылымды дамыту ел экономикасына да үлкен әсер етеді деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ахуал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатерлер аз емес. Бірақ Қытай халқының белгілі пайымдауына сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03