Пәкістан мен Ауғанстан арасы ушығып барады
Өткен түні Пәкістан әуе күштері Ауғанстанның шығысына соққы берді. «Талибан» үкіметінің мәлімдеуінше, бомбалау операциясынан Хост провинциясында бір әйел мен тоғыз бала қаза тапқан. Ал Кунар қаласында бір үйдің тас-талқаны шықты. Шабуылдан кейін тәліптер Пәкістаннан кек қайтаратынын ескертті. Осылайша Оңтүстік Азиядағы көрші елдердің қатынасы қайта ушығып барады.
Айта кетсек, екі мемлекеттің күштері қазан айында қақтығысып, бірталай адам мерт болды. Исламабад Кабулды Пәкістанда жарылыстарды жиілеткен содырларды қолдады деп айыптап келеді. Ауғанстан болса, өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03