Шри-Ланкада су тасқынынан қаза тапқандар саны 627-ге жетті. 190 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Үкімет табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жеткізе бастады. Елде төтенше жағдай жарияланған.
Сұрапыл «Дитва» дауылынан аралдық мемлекетте су тасқыны болып, лай көшкіні жүрген. Су деңгейі күрт көтерілді. Елдің 25 ауданында 2 миллиондай адам зардап шеккен. Мыңдаған баспанаға зақым келді. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сай, табиғи апаттан келген шығын 7 миллиард долларға жетті.