Өзбекстанда қазақ қаламгерлері жылды табысты қорытындылады
Өзбекстандағы қазақ қаламгерлері үшін биылғы жыл табысты болды. Қандастарымыздың түрлі жанрда 20-ға жуық кітабы жарыққа шықты. Олардың көркемдік мазмұны негізінен аудармаға бағытталған. Ұлы Абайдың 180 жылдығын да бауырлас ел кең көлемде атап өтті. Бұл игі іске ақын- жазушылардың қосқан үлесі зор.
Қазақша
кітаптардың негізгі оқырманы жастар мен оқушылар. Қандастар көп шоғырланған
Ташкент пен Науайы облыстарынан бөлек, Қарақалпақстанда да қазақ жазушыларының
шығармалары үлкен сұранысқа ие. Екі елдің мәдени ынтымағының айғағы – Ұлы
Абайдың бірнеше кітабының өзбек тілінде жарыққа шығуы.
Серікбай Үсенов,
қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
Абайдың 180 жылдығына орай атамыздың кітаптарын өзбек тіліне аударып, оны өзбек мектептеріне тараттық. Оны өзбек сыныбында оқитын балалар, жастар білсін дедік.
Өзбекстанда
қазақ қаламгерлерінің жалпы саны 60-қа жуықтайды. Биыл түрлі жанрда 20-ға жуық
кітап басылып шықты. Авторлар көбіне туған жер, естеліктер мен балалар
тақырыбына қалам тербейді. Жергілікті ақын жазушылар Қазақстандағы әріптестерімен
үнемі байланыста.
Тұрсынәлі Ахмедов, Өзбекстан жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы:
Классикалық қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларына ерекше көңіл бөлінеді. Түркі әлемінің інжу-маржандары атты жүз томдық басылып шыққан. Соның ішінде он томы қазақ әдебиетіне арналған.
2026 жылы
жарыққа шығатын туындылардың мазмұны әр алуан. Бүгінде жинақтарды басып
шығаруды ұйымдастыру, қаржыландыру тетіктері қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы