«Астана» командасында жаңа бапкер
«Астана» баскетболшылары үшін 2013 жылдың аяғы сәтті болды деп айтуға қиын. ВТБ лигасында 9 кездесу өткізген команда, оның үшеуінде жеңіске жетіп, қалған алтауында қарсыластарына жол берді.
Төрт рет қатарынан қайталанған жеңілістен кейін, «Астана» баскетбол клубы италиялық маман Маттео Боничиоллимен қош айтысып, оның орнына сербиялық жаттықтырушы Александр Трифуновичті шақырды.
Бүгінде ол баскетболшыларға бар білгенін үйретуге әзір. Турнир кестесінде қазақстандық клуб «Б» тобында сегізінші орында келеді. Александр Трифунович шәкірттері Жаңа жылдағы алғашқы кездесуін «Триумф» командасымен өткізеді. Бұл ойында «Астана» ойыншысы Рустам Ярғалиев алаңға шықпайды. Өйткені ішкі біріншілікте команда капитаны қолын жарақаттап алған.
Рустам Ярғалиев, «Астана» баскетбол клубының ойыншысы:
Шынымды айтсам, баскетболды қатты сағындым. Жарақаттан тез айығып, бабыма қайта келсем, бар күшімді салып ойнаймын. Әзірге менің орныма капитан қызметін Джерри Джонсон атқаруда. Тағы бір жоспарым 2014 жылы шаңырақ көтерсем деймін. Бірақ әлі күнге дейін жүрегімді жаулап алған қызды кездестірген жоқпын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05