«Таза жағалау»: Астанада Сарыбұлақ өзенін тазарту акциясы өтті
Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауын тазалау және абаттандыруға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Іс-шараға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлесіп жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан, пластиктен және басқа да қоқыстардан тазартты.
Сұлтан Өмірғалиев, «Астана жастары» ЖРО КММ Жастармен тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы:
Таза жағалау» экологиялық акциясы – аумақты тазалау ғана емес, тұрғындарды қаламызды таза әрі жайлы ету жолындағы ортақ мақсатқа жұмылдыратын бастама. Осындай игі шараларға еріктілер мен жастардың жылдан-жылға көбірек қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарай бастағаны бізді қуантады.
Акция соңында марапаттау рәсімі өтті. Елорданы абаттандыруға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін барлық қатысушыға Құрмет грамоталары табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03