Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы
Еуразиялық интеграция институты 3-13 шілде аралығында Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында азаматтар арасында бетпе-бет сауалнама жүргізді. Жалпы іріктеу ауқымы 1640 респондентті құрады.
Сауалнама қазақстандықтардың алдағы сайлау процесіне деген ынта-ықыласы жоғары екенін көрсетті. Респонденттерге алдағы жексенбіде Құрылтай сайлауы өткен жағдайда дауыс беруге баратын-бармайтыны жайлы сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысушылардың 72,1%-ы сайлау учаскелеріне баруға дайын екенін білдірді. Респонденттердің 14,2%-ы сенімді емес екенін, дауыс бермейтінін айтқан. Ал 13,7%-ы нақты жауап бере алмады.
Партиялар рейтингінде «Әділет» партиясы көш бастап тұр, бүгінде оған респонденттердің 61,7%-ы дауыс беруге дайын. Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оған респонденттердің 5,1%-ы дауыс беретінін айтқан. «Respublica» партиясы мен «Ақ жол» партиясының рейтингтері шамалас – сәйкесінше, 4,5% және 4,1%. Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы (3,6%) мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (3,5%) рейтингтері шамамен бір деңгейде. «Байтақ» жасылдар партиясын респонденттердің 0,7%-ы қолдайды. Респонденттердің 2,6%-ы «барлығына қарсы» деп дауыс беруге ниетті, ал 14,2%-ы әлі шешім қабылдаған жоқ.
Зерттеу азаматтардың алдағы сайлауға деген ықыласы айтарлықтай жоғары екенін, сондай-ақ партиялардың сайлауға дайындық кезеңіндегі белсенділігі сайлаушылардың көзқарасына қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03