Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңесті

Мемлекет басшысы Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңесті

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен кеңес өткізді. Кездесуде Президент жергілікті өкілді органдардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Өйткені мәслихаттар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға, жергілікті бюджеттерді бекітуге және өңірлердің дамуын бақылауға жауапты. Мемлекет басшысының пікірінше, депутаттық құрамды жаңарту мәслихаттардың қызметін едәуір күшейтеді. Конституцияның 88-бабы 5-тармағына сәйкес өткен консультациялар барысында Үкімет басшысы мен Құрылтай төрағасы өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтылған пікірлерді ескере отырып, Конституция талаптарына сай түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Бөлісу