Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды. Еліміз бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан. Рейтингте Қазақстан Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы , Норвегия, Сауд Арабиясы сияқты елдерден алда тұр. Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті. Ресей 11-орынға жайғасқан. Украина ,Литва ,Беларусь елдері 50-інші сатыда болса, Өзбекстан, Латвия, Эстония, Армения мемлекеттері 70 пен 90-ыншы сатының арасында көрінген. Рейтинг көшін Қытай бастап тұр. Екінші орында – АҚШ, үшінші орында – Үндістан. Айта кетейік, Most Powerful Countries рейтингі мемлекеттердің әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы ықпалын бағалайды.
Most Powerful Countries 2026
Қазақстан – 34
36- Дания
37 -Біріккен Араб Әмірліктері
38 -Оңтүстік Африка Республикасы
39- Норвегия
40- Сауд Арабиясы
41- Пәкістан
46 - Ираннан
11- Ресей
51 -Украина
56- Литва
57-Беларусь
71- Өзбекстан 71-орын,
74-Латвия
75-Эстония
80-Армения
91-Грузия
1 -Қытай
2- АҚШ,
3 –Үндістан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы