Көкшетау 2029 жылға дейін табиғи газ желісіне қосылады
Көкшетау 2029 жылға дейін табиғи газға қосылады. Шаһарға көгілдір отын екі жақтан тартылады. Оның бірі - елдің орталығын жалғап жатқан «Сарыарқа» газ құбыры болса, екіншісі - теріскейді қамтитын «Есіл – Астана» магистралі. Көкшетаудың екі ірі магистральдық газ құбырына қосылуы маңайындағы аудандарға да газ жеткізуді жылдамдатады. Жаңа бекітілген жоспар бойынша газ құбырының қамту аясы енді 6 емес, 10 ауданға жетеді. Бұл облыстың газдандыру деңгейін 29 пайыздан 85 пайызға дейін арттырады. Яғни, 337 елдімекендегі 480 мыңға жуық тұтынушы көгілдір отынға қосылады. Ақмола облысын газдандыру тақырыбында өткен жиында Көкшетауда жоғары қысымды станция және автоматтандырылған газ тарату станциясы салынатыны айтылды.
Абзал Қысметов «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
Жалпы қазір диаметрін үлкейттік. Көкшетауға дейін 600 миллиметр, Петропавлға дейін 400 миллиметр. Енді қазір біз қарастырып, 1000 миллиметрге дейін диаметрін үлкейтіп, бұл манағы газдың келу көлемін көбейтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы