Басты Жаңалықтар Ұстаз болу – қасиетті миссия

Ұстаз болу – қасиетті миссия

Қызылжарлық педагог  Райса Әбуеваның шәкірттері жыл сайын республикалық білім додаларында жүлделі орындар алады. Ұстаз жетекшілік еткен оқушылар «Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсында, «Кенгуру» халықаралық байқауында және «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында жеңімпаздар қатарынан көрініп жүр. Райса Тұрлыбекқызы  былтыр «Жылдың үздік педагогі» атанды, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.  26 жыл еңбек өтілі бар маман әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, әдістемелік құралдар әзірлеу және білім беру сапасын арттыру бағытында да белсенді жұмыс атқарады. Ол ел Президентінің «Ұстаздар қауымы ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеу  - қасиетті миссия» деген сөздерін өзіне ұран еткен.

Райса Әбуева, мұғалім:

Мұғалім болу – мен үшін үлкен жауапкершілік және қасиетті миссия. Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейміз. Оқушылардың өз-өзіне сенімді болуы, өмірге деген қозғқарастары, сол жаңағы алған білімдерін өмірде көрсете алу - мен үшін үлкен мәртебе болып есептелінеді.

Бөлісу