Өскемендегі қатты дауылдан ағаштар құлады
Өскеменде бүгін түстен кейін жаңбыр аралас бұршақты дауыл соқты. Екпіні қатты болғаны соншалық зәулім ағаш пен тоғайларды тамырымен құлатып, түбінде тұрған автокөліктерді басып қалды. Электр сымдары үзіліп бағдаршамдар істен шықты. Аймақтағы дәл қазіргі ахуалды Олжас Керейханнан білсек? Олжас, дауылдан зардап шеккендер бар ма? Жаңбыр басылды ма?
Олжас Керейхан, тілші:
Қайырлы күн! Иә, Шерхан, жаңбыр әлі басылған жоқ. Төпелеп құйып тұр. Адамдардың зардап шеккені туралы әзірге ақпарат жоқ. Тек көшелердегі көлкіген судан аяқ алып жүргісіз. Далада жүрген адамдардың бәрі толарсақтан саз кешіп жүр. Жаңбыр аралас бұршақты дауыл шамамен 20 минуттай соқты. Дауылдатып келіп бұршақ ұрғанда, тоғайдың бұтағын сыпырып тамырымен құлатып кетті. Бір-ақ сәтте азан-қазан болды. Бұршақтан көліктер зақымданды. Ал биік шынар ағаштың түбінде тұрған көліктерді басып қалды. Қаланың қанша бөлігі электрсіз қалғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Қазір қала әкімі аумақтарды аралап жүр. Ал көшелердегі көлкіген суды арнайы техникалармен сорғызуға авариялық бригадалар кірісіп кетті. Бұршақты дауылдың салдары туралы кешкі қорытынды жаңалықта міндетті түрде толық ақпарат беретін боламыз.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09