Басты Жаңалықтар Эр-Риядтағы шабуылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Эр-Риядтағы шабуылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді. Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуылдың салдары туралы мәлімет жариялады. Қаза тапқандардың төртеуі Сауд Арабиясының, екеуі  Бангладештің азаматы. Сондай-ақ АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Суданның бір-бір азаматы көз жұмған.

Бөлісу