Алматы облысында БАКАД жол ақысын кешіктіргендер жоғары тарифпен төлейді
Енді Алматыдағы БАКАД тас жолында жол ақысын жеті жұмыс күні ішінде төлемегендер үшін тариф өседі.
Яғни жүргізушілер жол ақысын кешіктірсе тариф шамамен екі есеге дейін қымбаттайды. Жаңа ережеге сәйкес, төлем көлік құралының санатына қарай 605 теңгеден 1 900 теңгеге дейін есептеледі. Ал жол ақысын уақытында төлегендер үшін бұрынғы тариф сақталып, төлем мөлшері 300 теңгеден 950 теңгеге дейін болады. Жалпы жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгермейді. Жүріп өткен қашықтық жол ақысының мөлшеріне әсер етпейді. Сондай-ақ Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. Айлық және жылдық абонементтердің бағасы өзгеріссіз қалады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15