Шетелдік сарапшылар: Құрылтай – тарихи дәстүрдің жалғасы
Шетелдік сарапшылар Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер Парламент жұмысын жеделдетіп, азаматтардың саяси таңдауын кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді. Олардың пікірінше, заң шығарушы органның құрылымын ықшамдау шешім қабылдау үдерісін тиімді ете түспек. Ал саяси партиялардың кеңірек өкілдік алуы қоғамның саяси ұстанымын толық көрсетуге жол ашады.
Михаэль Хармс, Герман экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры:
«Құрылтай» атауы Қазақстан үшін терең тарихи мәнге ие және халықтың маңызды мәселелерді талқылау үшін бас қосуын білдіреді. Бұл дәстүр жаңа Конституциялық реформада да көрініс тапқан. Қазақстанда тиімді Парламент қалыптасқан. Дегенмен оның құрылымын ықшамдау жұмыс үдерісін жеделдетуі мүмкін. Ал саяси партиялардың кеңірек өкілдік алуы азаматтарға өздерінің саяси таңдауын толық білдіруге мүмкіндік береді.
Кристиан Гроссе, «Либералды орта бизнес» экономикалық бірлестігінің Берлин
бөлімшесінің басшысы:
Меніңше, Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі – өте тиімді шешім. Бұған дейін заң жобалары Мәжіліс пен Сенаттың қарауынан өтетіндіктен, шешім қабылдауға көп уақыт кететін. Ал бір палаталы Парламент талқылауды тиімді жүргізіп, шешімдерді жылдамырақ қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін, әсіресе инвестиция тарту тұрғысынан маңызды. Бұл экономиканы дамытуға және түрлі жобаны жүзеге асыруға оң әсер етеді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15