Гендерлік теңдік – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі
Гендерлік теңдік – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Қазақстанда әйелдердің білім алуына, еңбек етуіне, басшылық қызмет атқаруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға жағдай жасалған.
2030 жылға қарай мемлекеттік және корпоративтік секторларда басшылық қызметтердегі әйелдердің үлесін 30%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Гендерлік теңдік тек әйелдердің жағдайын жақсартумен шектелмейді. Оның басты мақсаты – әр адамның өз мүмкіндігін пайдалануға бірдей жағдай жасау. Сондықтан гендерлік теңдік Қазақстанның әділетті әрі тұрақты қоғам құруындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді, дейді ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Елена Семидоцких.
Елена Семидоцких, Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша нақты жоспар бекітіліп, арнайы тұжырымдама қабылданды. Әйелдерге тыйым салынған мамандықтардың тізімі алынып тасталды. Сонымен қатар барлық өңірде облыс әкімдерінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері жұмыс істейді. Мұның барлығы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы