Бурабайда Көкшетау мен Бөлектау тауларына шығуға уақытша шектеу қойылды
Туристер үшін курортты Бурабайдағы Көкшетау және Бөлектауға шығуға уақытша тыйым салынды. Тікелей эфирге өңірдегі әріптесіміз Бибінұр Әмірханқызы шығып отыр. Бибінұр, уақытша шектеудің себебі неде? Анықтай алдыңыз ба?
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Күннің аптап ыстығына байланысты Бурабайдағы мемлекеттік орман қоры аумағында IV-V санатты жоғары өрт қаупі белгіленіп отыр. Осыған байланысты тамыздың 20-сына дейін Көкшетау мен Бөлектау тауларына шығуға уақытша шектеу қойылды. Бұл туристердің қауіпсіздігі үшін қолға алынған шара. Себебі, өрт қаупі жоғары кезеңде тілсіз жаудың таралуы өте жылдам болады. Сондықтан Бурабай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары бақылауды күшейтіп отыр. Жалпы, жаз маусымы басталғалы Бурабай ұлттық табиғи паркі аумағында 4-5 табиғи өрт ошағы анықталып, бейнемониторинг жүйелерінің көмегімен лезде өшірілген болатын. Айта кетейік, өткен жылы Бурабайда 7 көру алаңы жасақталып, туристердің тауға шығуы ыңғайлы болуы үшін ағаш баспалдақтар салынды. Қазір осы 7 негізгі туристік локацияға арнайы бейнебақылау камералары орнатылған.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15