Президент жастарға арнайы құттықтауын жолдады
Бүгін - Халықаралық жастар күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтауын жолдады. Президент құттықтауын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын салтанатты түрде табыстау шарасында Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Президент Ата Заңымызда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық бағыт ретінде айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар Конституцияда алғаш рет волонтерлік қызметке мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылды. Осылайша «Біз қоғамда өркениетті ұлтқа тән жаңа этиканы орнықтырып, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ұлт санасына сіңіре бастадық», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
Мен бұған кәміл сенемін! Баршаңызға табыс тілеймін! Жолдарыңыз ашық болсын! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан көркейе берсін!
Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді. Қазіргі таңда республикамыздың әр аймағында көптеген мектеп, спорт нысандары, даму орталықтары салынып жатыр.
Қазір елімізде барлық салада түбегейлі реформалар жасалып жатыр. Халқымыз жалпыұлттық референдумда бірауыздан қабылдаған жаңа Конституция еліміздегі ауқымды өзгерістерге тың серпін берді, Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашты.
Қазақстан беделі жоғары мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу кезеңіне қадам басты. Еліміз жаппай цифрландыру ісін қарқынды жүргізіп, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға белсенді енгізіп жатыр. Түптеп келгенде, біздің мақсатымыз – экономикасы қуатты, Заң мен Тәртіп үстемдік ететін, Әділетті, Озық, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру.
Жаңашылдыққа ұмтылған, игі бастамалардың бел ортасында жүрген жалынды жастар кез-келген белесті бағындыра алады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15