Басты Жаңалықтар Партиялар арасындағы қорытынды пікірталас 19 тамызда өтеді

Партиялар арасындағы қорытынды пікірталас 19 тамызда өтеді

Құрылтай сайлауының барысын халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылар бақылайды. Бүгінде Тәжікстан, Түркия және Эстониялық мамандар аккредиттеуден өткен. Сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Олардың қатарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының 208 бақылаушысы бар. Отырыста сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды ұйымдастыру мәселесі де қаралды.  Партиялар арасындағы қорытынды сөз барымтасын 24KZ телеарнасы өткізеді. 19 тамызда өтетін қорытынды телевизиялық пікірсайысқа  саяси партиялардың төрағалары қатысады. Бекітілген регламентке сәйкес, пікірсайыс төрт кезеңнен тұрады. Әр раундтың өз міндеті мен ерекше форматы бар. 

Ләззат Сүйіндік, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Сайлау алдындағы пікірсайыстар сайлау заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлісу