Сочиде Олимпиаданың ашылу салтанаты болады
Бүгін Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылуы болады. Салтанатты шара жергілікті уақытпен сағат кешкі 20.00-де басталады. Ал бізде түнгі сағат 22.00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей көрсетілімі ұсынылады.
Олимпиаданың ашылу салтанатына бірқатар елдердің президенттері, БҰҰ бас хатшысы және бірқатар белгілі саясаткерлер де қатысады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы жиынға қатысу үшін Сочиге ұшып кетті.
Жалпы Ақ Олимпиадаға еліміздің құрамасы 58 жолдама ұтты. Оның 14-і шаңғымен жүгіруден, 10 спортшы биатлонда бақ сынайды. Ал, конькимен жүгіру, шорт-трек және фристайл мен шана спортында 6 жолдамадан.
Тау шаңғысы жарысында 4 спортшымыз ел намысын қорғайды. Мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы мен сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру бойынша екі спортшыдан жарыс жолына шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52