AI & Digital Bridge 2026: Астанада eGov 3.0 және мемлекеттік қызметтердің болашағы талқыланды
AI & Digital Bridge 2026 форумы аясындағы «eGov 3.0» панельдік сессиясында цифрлық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектіні енгізу және проактивті сервистерге көшу мәселелері талқыланды.
eGov 3.0 тек порталдың дизайнын жаңартумен шектелмейді. Жаңа жүйе QazTech технологиялық платформасы негізінде құрылып, мемлекеттік сервистерді жылдам әзірлеуге, олардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект те негізгі бағыттардың бірі. Қазір eGov GPT арқылы 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді, сервисті 455 мыңнан астам адам пайдаланды.
Кәсіпкерлерге арналған eGov Business қосымшасын ай сайын шамамен 44 мың адам қолданады. Мұнда 40-тан астам мемлекеттік қызмет пен лицензия қолжетімді. Алдағы уақытта платформаға AI шешімдерін енгізіп, кәсіпкердің сұранысына қарай қажетті қызметті автоматты түрде анықтау жоспарланып отыр.
Сессияға қатысқан халықаралық сарапшылар Қазақстанның цифрлық үкімет пен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытты.
eGov 3.0-дің негізгі мақсаты – азаматқа қызметті іздетпей, оның қажеттілігін алдын ала анықтайтын және барынша аз әрекетпен нәтиже алуға мүмкіндік беретін цифрлық мемлекет қалыптастыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14