Басты Жаңалықтар Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды

Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды

Жетісулық полицейлер өртке оранған жүк көлігіндегі 38 бас жылқыны аман алып қалды. Оқыс оқиға «Алматы – Өскемен» тасжолының 175-ші шақырымында болған. Күршімнен Шымкент қаласына  бет алған «Вольво» маркалы жүк көлігінен жол ортасында  от шыққан. Сол сәтте аумақты патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары Әліби Оңласын мен Дамир Байбеков түтінді байқап, бірден көмекке келіпті. Олар қызметтік көліктегі өрт сөндіргіштермен жалынды сөндіруге кіріскен. Төтенше жағдай мамандары жеткенше тіркемедегі барлық жылқыны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу