Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
Алматылықтар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырып, қоршаған ортаны қорғау бастамасына қолдау көрсетті.
Алматыда алғаш рет «Қайта өңдеуге қадам» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндей түсу. Акция аясында тұрғындар қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, арнайы орындарға тапсырды. Олардың қатарында пластик бөтелкелер мен қақпақтар, қағаз және полиэтилен пакеттері бар. Сонымен қатар қатысушыларға қоқысты сұрыптаудың маңызы түсіндіріліп, экологиялық викторина өткізілді. Белсенді жастарға естелік сыйлықтар табысталды. “Бастама тұрғындардың экологиялық сауатын арттырып, қалдықты бөлек жинау мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған”, - дейді ұйымдастырушылар.
Нұрислам Нұрболұлы, Әуезов комьюнити орталығының жоба менеджері:
Қоқысты кез келген жерге тастамауға, жастарымызға оны қайта өңдеу үшін сұрыптап тастауға үйрету үстіндеміз.042+ 0143Жоспар бойынша алдағы уақытта айына бір рет өткізетін боламыз. Бүгін келген жастарымызға, қонақтарымызға құр қол қайтармадық түрлі сыйлық бердік, түрлі тәттілермен жылу сыйладық. Бүгін жиналған қоқыстарды сұрыптап болғаннан кейін экохабқа өткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы