Басты Жаңалықтар Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады

Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады

Енді дәрігердің көмегіне үйден шықпай-ақ онлайн жүгінуге болады. Бүгінге дейін 2 миллионнан астам тұрғын медициналық көмекті қашықтан алған. Мұның атауы да бар. Телемедицина. Астанада өтіп жатқан Digital Bridge алаңында осы бағытта үздік стартаптар көрсетілді. Солардың бірі - EmAI. Платформаның негізін қалаушы Қайыржан Қожалының айтуынша, қазір жүйеге сұраныс көп. Онлайн қаралатындардың көбі ауыл тұрғындары.

Қайыржан Қожалы, EmAI компаниясының негізін қалаушы:

Мысалы сізде бір анализ шығады, оны джибитеге саласыз. Дәрігердің консультациясы керек оған. Мысалы бізге анализді жіберсеңіз біздің дәрігер қарап, сізге толық консультация береді.
Диджитал бридж форумы аясында Health Teh cтартаптар, яғни медициналық айти бағдарламарды көбейту жайы да қаралды. Ірі компания басшылары өз жобаларын көрсетіп, тәжірибе бөлісті. Жиынға Гардвард университетінің оқытушылары да келген. Мәселен, Вивиан Ли айти бағдарламаны әзірлеуден бастап сатуға дейін қандай қадам жасау керек екенін жас айти мамандарға түсіндіріп берді.

Digital Bridge форумы аясында Health Teh cтартаптар, яғни медициналық айти бағдарламарды көбейту жайы да қаралды. Ірі компания басшылары өз жобаларын көрсетіп, тәжірибе бөлісті. Жиынға Гардвард университетінің оқытушылары да келген. Мәселен, Вивиан Ли айти бағдарламаны әзірлеуден бастап сатуға дейін қандай қадам жасау керек екенін жас айти мамандарға түсіндіріп берді.

Вивиан Ли, Гарвард университетінің оқытушысы:

Қазақстанға МedHub жобасының шақыртуымен келдім. Соңғы үш күнде Диджитал Бридж форумында талай стартап жобаларды көріп жатырмын. Қазақстанның бұл тұрғыда әлеуеті зор деп санаймын. Біраз маңызды медициналық жоба бар екен. Мен де қолдан келгенше тәжірибе бөлістім.


Бөлісу