JOLTAP жобасы аясында 22,3 мың адам қысқа мерзімді оқудан өтті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астанадағы JOLTAP әлеуметтік жобасының жұмысымен танысты. Жоба аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылып, түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетіледі.
«JOLTAP жобасы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Қысқа мерзім ішінде адам сұранысқа ие дағдыларды меңгеріп, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік алады. Мұнда оқыту жұмыс берушілердің қажеттіліктерімен және түлектерді одан әрі жұмыспен қамтумен байланысты. Біздің міндетіміз – осы тәжірибені зерделеп, мұндай мүмкіндіктерді барлық өңір тұрғындары үшін қолжетімді ету», – деді Асқарбек Ертаев.
Жоба іске асырылған уақыт ішінде 30 оқу курсы іске қосылған. Оның 19-ы жұмысшы, 11-і цифрлық бағыттарға арналған. 2026 жылы оқыту 18 мамандық бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында тігінші, модельер-құрастырушы, тігін өндірісінің операторы, электргазбен дәнекерлеуші, электромонтажшы, наубайшы, сондай-ақ графикалық дизайн, ілгерілету және бизнесте цифрлық құралдарды қолдану бағыттары бар.
Оқыту JOLTAP жобасы аясында 22,3 мың адам қысқа мерзімді оқудан өттіжүргізіледі және курс ұзақтығы 5 күннен 22 күнге дейін созылады. Сабақтардың шамамен 80%-ы практикалық оқытуға арналған. Курстар жергілікті бизнес пен кәсіпорындардың кадрларға қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.
Бүгінде JOLTAP жобасы аясында 22,3 мың адам қысқа мерзімді оқудан өткен. Жоба деректеріне сәйкес, түлектердің 60%-ы жұмысқа орналасқан, тағы 23%-ы фриланс негізінде жұмыс істейді. 2 мыңнан астам қатысушы өз ісін ашып, жаңа жұмыс орындарын құрған.
Жоба аясында түлектерге оқудан кейін де қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта JUMYSTAP жұмыс іздеу платформасы жұмыс істейді. Қазір онда 42 мыңнан астам пайдаланушы, оның ішінде 5,3 мың жұмыс беруші тіркелген. Платформада 6,5 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған.
Сонымен қатар жоба түлектерінің кәсіби қауымдастықтары құрылып, онда қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар орнатып, бірлескен жұмыс пен тапсырыстарды орындау мүмкіндіктерін табады.
Асқарбек Ертаев JOLTAP тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне ықтимал кеңейту мәселесін зерделеуді тапсырды. Осы мақсатта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әр өңірдің ерекшеліктері мен кадрларға қажеттілігін ескере отырып, жобаны кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Министрдің айтуынша, негізгі назар оқытудың еңбек нарығындағы нақты сұраныспен және жұмыспен қамтумен байланысына аударылады. Яғни жаңа кәсіп немесе дағды меңгеру адамға жұмыс табуға, табысын арттыруға немесе өз ісін бастауға мүмкіндік беруі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы