Басты Жаңалықтар Орталық Азия елдері Шардараға келетін су көлемімен келісті

Орталық Азия елдері Шардараға келетін су көлемімен келісті

Шардара су қоймасына алдағы вегетация аралық кезеңде шамамен 10 миллиард текше метр су келуі мүмкін. Орталық Азия елдерінің салаға жауапты министрлері осындай келісімге келді. Биыл қоймаға 3,69 миллиард текше метр су түсіп, жоспардан 840 миллион текше метрге артық болды. Түрікменбашы қаласында өткен кездесуде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері трансшекаралық суды әділ бөлу және ортақ басқару тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Тараптар су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Бөлісу