Орталық Азия елдері Шардараға келетін су көлемімен келісті
Шардара
су қоймасына алдағы вегетация аралық кезеңде шамамен 10 миллиард текше метр су
келуі мүмкін. Орталық Азия елдерінің салаға жауапты министрлері осындай
келісімге келді. Биыл қоймаға 3,69 миллиард текше метр су түсіп, жоспардан 840
миллион текше метрге артық болды. Түрікменбашы қаласында өткен кездесуде
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері
трансшекаралық суды әділ бөлу және ортақ басқару тетіктерін жетілдіру
мәселелерін талқылады. Тараптар су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған
жүйесін енгізу бойынша жұмысты жалғастырмақ.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04