Басты Жаңалықтар Мінсіз нәтиже: Алматылық бойжеткен IELTS-тен 9 балл алды

Мінсіз нәтиже: Алматылық бойжеткен IELTS-тен 9 балл алды

Мінсіз нәтиже: Алматылық бойжеткен IELTS-тен 9 балл алды

Алматылық Томирис Касимова ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 балл жинады. 23 жастағы бойжеткеннің нәтижесі CEFR халықаралық жүйесіндегі ең жоғары C2 деңгейіне сәйкес келеді.

Томирис емтиханның үш бөлімінен — Listening (тыңдалым), Reading (оқылым) және Speaking (айтылым) бойынша 9.0 балл алған. Ал Writing (жазылым) бөліміндегі нәтижесі — 8.0 балл. Осылайша, оның жалпы көрсеткіші 9.0 Overall Band Score деңгейіне жетті.

Айта кетейік, IELTS — ағылшын тілін меңгеру деңгейін халықаралық деңгейде бағалайтын емтихан. Оның нәтижесі шетелдік жоғары оқу орындарына түсу, жұмысқа орналасу және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу кезінде қолданылады.

Томирис — Қазақстандағы Tilu онлайн ағылшын тілі мектебінің оқушысы. Төрт жылдан бері жұмыс істейтін білім беру орталығы осы уақытқа дейін 21 мың студентті оқытқан. Мектептің жеке цифрлық платформасы бар. Онда оқушылар сабақтан тыс уақытта да тапсырмалар орындап, білімін жетілдіре алады.

Биыл 13 қыркүйекте Алматыда мектептің ұйымдастыруымен қазақ және ағылшын тілдеріне арналған Tilu Fest фестивалі өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға 53 мың адам қатысқан.

Сондай-ақ мектеп биыл күзде үздік үш оқушысын АҚШ-қа тегін академиялық сапарға жіберуді жоспарлап отыр. Бастама ағылшын тілін меңгерген жастардың халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Бөлісу