Басты Жаңалықтар Трамп Ресей мен Украинаның энергетикалық ымыра жариялағанын мәлімдеді

Трамп Ресей мен Украинаның энергетикалық ымыра жариялағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаның энергетикалық ымыра жариялағанын мәлімдеді. Көп кешікпей Киев бұл қадамды қолдайтынын білдірді. Ал Мәскеу әзірге үнсіз. Трамптың сөзінше, уағдаластық дереу күшіне енген. Дегенмен, президент Владимир Зеленский Трамптың мәлімдемесінен кейін Ресейдің Украина энергетикалық нысандарына соққы бергенін хабарлады. Айта кетсек, сенбі күні Трамп Ресейдің дизельдік отынын АҚШ пен әлем нарығына шығару туралы Кремль басшысымен келісім жасағанын айтып, Украинаны көрші елдің мұнай өңдеу зауыттарын қиратуды тоқтатуға шақырды. Сонымен қатар, Құрама Штаттар лидері Украинаға жаңа президент қажет екенін атап өтті. Ресеймен уағдаластыққа барғаны үшін Трамп қазір Киевтің ғана емес, кейбір партияластарының да сынына ұшырап отыр.

Бөлісу