Басты Жаңалықтар Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты

Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты

Кейінгі жеті жылда Қазақстан экономикасы долларлық мәнде 71 пайызға ұлғайған.  Былтыр елдегі жалпы ішкі өнім 300 млрд  доллардан асты. Қандай салаларда өсім бар? Құрылыс саласында өнімділік шамамен 2 жарым есе артты. Қайта өңдеу бағыты 42, ал тауар өндірісі 39 пайыз өскен. Ауыл шаруашылығы 25 пайыз, қызмет көрсету саласы 22 пайыз артқан. Көлік-логистика бағытында да өсім бар. 38 пайыз. Тау-кен байыту саласында 15 пайыз өсім бар. Ал жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 1 жарым есе ұлғайды. Айталық, былтыр көрсеткіш 15 мың долларға жеткен. Ал 2018 жылы шамамен 10 доллардай болған.

Бөлісу