Басты Жаңалықтар Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда

Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда

Елімізде соңғы үш жылда балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 заң қабылданды. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 2024 жылмен салыстырғанда 45 пайызға, ал жасөспірімдер жасаған қылмыстар 10 пайызға азайған. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында Президент тапсырмасымен қабылданған 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселесі талқыланды. Ерлан Қариннің айтуынша, соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған. Ал «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында үш жыл ішінде 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллардан астам қаражат аударылды. Сондай-ақ кеңесте ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және кемсітушіліктің алдын алу мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта Президент тапсырмасы бойынша Құрылтай депутаттары мүгедектігі бар балаларды кешенді қолдауды реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Вице-Президент жауапты органдарға балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды өңірлерде ай сайын жүргізуді тапсырды. Ал республикалық деңгейде бұл мәселе кемінде екі айда бір рет қаралады.

Бөлісу