Басты Жаңалықтар 1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды

1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері тазалық акцияларына 7 мың жас қатысты. Олардың қатарында еріктілер, Жастар ресурстық орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Бүгін де Таразда еріктілер мен «Жасыл еңбек» жасағының 80 сарбазы  қаланы тазалауға шықты. Олар Желтоқсан мен Көшек батыр көшесінің қиылысындағы саябақ маңын қоқыстан тазартты. Жалпы өңірде экологиялық шаралардан бөлек абаттандыру жұмысы да қарқынды. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 800 мың шаршы метр саябақ аумағы абаттандырылды.  1 210 шақырым арық жүйесі тазартылды. Нәтижесінде 13 мың тоннадан астам қоқыс арнайы полигонға төгілді.

Аққанат Болат, қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы:

Біздің жастарымыз елдің болашағы болғандықтан қаламыздың көркеюіне және дамуына өз үлесін қосуда. Осы акция аясында 74 сенбілік өтті. Сенбілік барысында 5 тонна қалдық шығардық.

Бөлісу