Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
Үндістанның Asian News International агенттігінің журналисі Снеха Дипика Қазақстанның адам саудасына қарсы жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады. Астанада өткен AI & Digital Bridge форумына қатысқан ол осы бағыттағы бастамалардың маңызына тоқталды. Сарапшының айтуынша, 2024 жылы қабылданған арнайы заң халықаралық модельге негізделген. Ол төрт бағытты қамтиды: адам саудасының алдын алу, құрбандарды қорғау, кінәлілерді жауапқа тарту және халықаралық ынтымақтастық. Заңға сәйкес, адам саудасының құрбаны деп танылғандарға азаматтығына қарамастан көмек көрсетіледі. Олар баспана, медициналық, психологиялық және құқықтық көмек алып, жұмысқа да орналасуы мүмкін. Биыл мұндай арнаулы әлеуметтік көмекке 174 адам қол жеткізген.
Снеха Дипика, Үндістанның Asian News International ақпарат агенттігінің редакторы:
Қазақстан адам саудасының жаңа түрлеріне, соның ішінде адамдарды интернет алаяқтыққа және өзге де қылмыстарға мәжбүрлеуге қарсы күресті күшейтіп келеді. 2026 жылы ел бұл мәселені БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық әділет жөніндегі комиссиясы аясында халықаралық деңгейде талқылауға ықпал етті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы