Қазақстан мен Қатар екі газ өңдеу зауытын салады
Қатар компаниясы Қашаған кен орнында екі газ өңдеу
зауытының құрылысына қатысып жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асу барысын
Премьер-министр Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding
компаниясының басшылығымен талқылады. Қуаты 1 миллиард текше метр болатын
алғашқы зауытты 2027 жылы, ал екіншісін 2030 жылы іске қосу жоспарланған. Сонымен
қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі екі кезеңмен
салынады. Бірінші кезең 2027 жылы, екіншісі 2029 жылы аяқталмақ. Тараптар телекоммуникация саласындағы ынтымақтастықты
да талқылады. Олжас Бектенов жобаларды уақытында аяқтау үшін жұмысты
жандандыруды тапсырды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады
15.10.2026, 17:27
Қызылорда өңірінде тоғанда балық өсіру кәсібі өркендеп келеді
15.10.2026, 17:22
Оқушылар банан қабығымен қан тоқтата алатындарын дәлелдеді
15.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында дәрігер тапшы
15.10.2026, 17:17
Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті
15.10.2026, 17:15
Су арналары есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған
15.10.2026, 17:14
Ыстанбұлдағы нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты
15.10.2026, 17:12
Ресейде бензин тапшылығы күшейді
15.10.2026, 17:10