Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
Павлодарда «Қаз қонағы» деп аталатын палеонтологиялық ескерткіш бар. Ерекше қорғалатын аумақтар тізімінде тұр. Бірақ Ертіс жағасында болғандықтан сумен шайылып барады. Осы мәселеге қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті экологтар мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған жұмыс тобын құрды. Онда аумағы екі шақырымға созылатын музейдің қазіргі нақты жай-күйі сараланды. Енді зерттеу жұмыстары қолға алынбақ. Бұл бір қарғанда өзен жиегіндегі жарқабақ. Осы жерде 70-ке жуық аң мен құс сүйегі табылды. Ерекшелігі сол, Оңтүстік Америка мен Австралияны мекендейтін жануарлар да бар. Олардың дәл осы аумақтан табылуының себебін ғалымдардың өзі айта алмайды.
Ерлан Құтпанбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:
Қазіргі жағдайы өте сын көтермейді. Оны мойындау керек. Қазіргі уақытта осыны ары қарай сақтап қалуға шара қолдану керек. Экология министрлігі бар, жергілікті әкімшілік бар, содармен бірігіп ары қарай шешім қабылдаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы