Президент Жолдауы Түркияда талқыланды
Елімізде жүзеге асып жатқан саяси-экономикалық реформалардың оң нәтижесі түркиялық ақпарат құралдарының әрдайым назарында. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездескен түркиялық медиа өкілдері осылай деді. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауында көтерілген оң бастамалар да талқыланды. Журналистерді әсіресе «Халықтық құрылыс» жобасы мен елімізге тартылған шетелдік инвестиция жайы қызықтырды. Шетелдік тілшілерге елімізде жұмыс істеп жатқан түркиялық ірі инвесторлар мен жаңа жобалар туралы да мағлұмат берілді. Бауырлас екі ел арасындағы байланысты нығайтуда ақпарат құралдарының ролі зор. Сондықтан мұндай кездесудің орны ерекше дейді шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері.
Абдуррахман Чапар, «ТГРТ» каналының директоры:
Ақпарат құралдарымен кездесу бауырлас елдер арасындағы байланысты нығайту үшін өте маңызды. Бүгінгі жиында көптеген тың ақпарат айтылды. Қазақстандағы реформалар туралы сұрақтарымызға жауап алдық. Екі ел үшін де тиімді жаңа инвестициялық жобалардың көбейіп келе жатқанын естіп қуанып қалдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы