Әлеуметтік нысандардың 95 % инклюзивті ортаға бейімделген
Жетісу облысы әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі жағынан республикада көш бастап тұр. Бүгінде мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік нысандардың 95 пайызы қолжетімді. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады. Облыс құрылғалы 1120 ғимараттың 1064-іне бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Пандустар мен арнайы көтергіш құрылғылары орнатылып, тактильді жолақтар төселді. Брайль қарпіндегі ақпараттық тақтайшалар қойылды. Қазір облыста ерекше қажеттілігі бар 25 мың адам тұрады.
Эльмира Смағұлова, Талдықорған қаласының тұрғыны:
Бизнес иелеріне өтінішіміз бар. Ыңғайлы пандустар, қолжетімді орта жасаса, біз біреудің көмегінсіз көтеріліп, ары-бері түсіп жүретіндей. Әрине, біздің Талдықорған қаласы өте ыңғайлы, қолжетімді орта деп есептеймін.
Ермек Мизамбаев, Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
4 жылдың ішінде, жалпы саны 130-ға жуық нысандарға айыппұл салынды. Одан бөлек, жалпы осы хабарлама мен алдын-ала түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша, жекеменшік нысандағы 184 нысан толық бейімдеуден өткізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы