Басты Жаңалықтар Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында

Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында

Қазақстан ТМД елдері арасында орташа зейнетақы мөлшері бойынша төртінші орында тұр. Биыл ақпан айында оның мөлшері 288 доллар 70 цент болған. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстаннан жоғары көрсеткіш Беларусь, Әзербайжан және Ресейде тіркелген. Атап айтқанда, Беларусьте орташа зейнетақы – 374 доллар, Әзербайжанда – 340 доллар, ал Ресейде 328 доллар 70 цент. Өзбекстанда бұл сома 134 доллар, Қырғызстанда 128 доллар 40 цент болған. Ең төменгі көрсеткіш Тәжікстанда тіркелді – 68 доллар 80 цент. Зейнетақының ең төменгі жалақыға шаққандағы үлесі бойынша да Қазақстан өңірдегі жоғары көрсеткіштердің біріне ие. Елімізде орташа зейнетақы ең төменгі жалақының 168 пайызына тең. Ал Қырғызстанда бұл көрсеткіш 342 пайызға жеткен. Дегенмен, бұған елдегі ең төменгі жалақының төмен болуы әсер еткен.

Айта кетейік, 1 қазанда Қазақстанда бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 мың 810 теңгені құрады. Оның 95 мың 249 теңгесі – ынтымақты, 47 мың 561 теңгесі базалық зейнетақы.

Бөлісу