Басты Жаңалықтар «Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды

«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды

Қазақстан Халық Кеңесінің «Халыққа жақын» республикалық жобасы бастау алды. Ұйым төрағасы Ерлан Қошанов бастаған кеңес мүшелері Қызылорда облысы Арал ауданында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.  

Жоғары консультативті орган осылайша шалғай елдімекен жұртшылығымен тікелей байланыс орнатып, олардың мәселелерін тыңдап және нақты шешу жолдарын қарастырып отыр. Яғни бұл бастама азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түседі. Жалпы Аралдағы келелі кездесуге келген тұрғындар көп болды. Халық кеңесінің мобильді топ мүшелері әр ұсыныс пен талап-өтінішті жинақтап, тұрғындармен ашық диалог орнатты. «Халыққа жақын» жобасы алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде жалғасын таппақ.     

Ерлан Қошанов, Халық Кеңесінің төрағасы:

Сұраныстың бар екенін біз көріп отырмыз. Біз Астанаға не Қызылордаға сол барып, адамдарды ұзақ жол жүргізіп қиналтпай. Мемлекеттік органдар бүгін өздері Сізге келіп отыр. Халық деген көп келіп жатыр. Сұрақтар да көп қой. Сол мәселелерді шешу үшін көмек көрсетуге келіп отырмыз. Және  бұл мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген қағидаты мен ойлаймын бүгін ісімізге сай келіп тұр деп. 

Бөлісу