Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
Қазақстан 35 жылдың ішінде жоғары білімі бар азаматтардың үлесі бойынша достастық мемлекеттерінің арасында бірінші орынға шықты. ТМД Статистика комитетінің зерттеуіне сәйкес, әрбір төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар. Елімізде15 жастан асқан әрбір мың тұрғынның 276-сы жоғары оқу орнын тәмамдаған. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Екінші орында Ресей тұр. Қазақстанда жоғары білімге қолжетімділік жыл сайын артып келеді. Университеттер саны көбейді. 35 жылға жуық уақытта Қазақстан білімді ұлт қалыптастыру жолында маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Ендігі мақсат – осы әлеуетті елдің экономикалық және ғылыми дамуына тиімді пайдалану.
Оксана Гололобова, ЖОО өкілі:
Қазіргі таңда Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз бірнеше бағытта жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, қазақстандық студенттерді біздің жоғары оқу орындарына шақырамыз. Сонымен қатар екі елдің университеттері арасында әріптестік байланыс орнатылған. Қазақстанның білім беру жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай дамыды. Елде сапалы білім алуға, ғылыми әлеуетті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру деңгейі жоғары екенін атап өткен жөн.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы