СҚО су құбырларын жаңартады
Қазақстан халқы жыл сайын орта есеппен 1,2 млрд текше метр ауыз су тұтынады.
Ал су ресурстарының азаюы әлемде күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Сондықтан тіршілік нәрін үнемдеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта құбырларды жаңарту мен заманауи технологияларды енгізу маңызды, - дейді мамандар. Петропавл қаласының тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтып отарғын «Қызылжар су» коммуналдық мекемесінің бас директоры Жеңіс Сұлтанов мемлекет басшысының «Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті» деген сөзі сала мамандарына үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Жеңіс Сұлтанов, коммуналдық мекеменің бас директоры:
Суды үнемдеу масқасында – судың құбырларын айырбастау. Бүгінгі күні үлкен жоба басталып жатыр. Энергетика мен коммналдық серіктестік жаңарту. Оның аясында бізге 24 млрд ақша бөлініп жатыр, үкіметтен. Сол ақшаға 30 шақырым судық құбырларын айырбастау болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы