Басты Жаңалықтар Қостанайда мәслихат сайлауына дайындық пысықталды

Қостанайда мәслихат сайлауына дайындық пысықталды

Қостанай облысы мәслихат сайлауына сақадай сай. Өңірдегі осы салаға жауапты мамандар орталық сайлау комиссиясына осылай, деп есеп берді. Аймақта барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 744 кандидат тіркелген. Олардың ішінде 5 саяси партияның атынан 62 азамат додаға түседі. Облыстың 530 мыңнан аса тұрғыны дауыс беру құқына ие. Оларға 716 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Әр сайлаушының үйіне шақыру қағаздары жеткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне қолайлы жағдай туғызу жан-жақты қарастырылған. Өңірге арнайы келген орталық сайлау комиссиясының төрағасы дайындық жұмыстарына оң баға берді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Учаскелік комиссиялар мен аумақтық комиссиялар биыл 2 үлкен науқаннан өтті. Ол жаңа Конституцияның реформасы және Құрылтай сайлауы. Бұл өңірдің комиссиялары толыққанды дауыс беру күніне дайын деген сеніміміз бар.

Дәуренбек Әбдібек

Бөлісу