Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
Маңғыстауда Бейнеу ауданындағы мектептептерге кәсіптік бағдар берудің жаңа жүйесі енгізілді. Енді оқушылар жасанды интеллект көмегімен өз қабілетін бағалап, қызығушылығына сай мамандықтарды анықтай алады. Бұл бастама ауыл балаларына заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашқан. Болашақ мамандығын таңдауға дайындалып жүрген оқушылар арнайы платформада тест тапсырып, қабілеті мен бейімділігін анықтайды. Жасанды интеллект нәтижелерді саралап, әр балаға сәйкес келетін кәсіптік бағыттарды ұсынады.
Нұрсәт Берікбай, Күйкен жалпы білім беретін мектебінің оқушысы:
Осы құрал арқылы өзімнің болашақта таңдайтын мамандықты білдім. Бұл бізге мамандық таңдауға көмектесетін заманауи құрал десек те болады. Мен болашақта әнші болуды армандаймын. Мен үшін көрсетіп тұрған мамандық осы шығармашылықты көрсетіп тұр. Дәл өзімнің қызығушылығыма сай келеді.
«Kásip álemi» кәсіптік бағдар беру кеңістігі арқылы балалар сұранысқа ие мамандықтармен танысып, мамандықтар атласын зерделей алады. Ал «AI Профориентатор» платформасы жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескеріп, болашақта меңгеруге болатын кәсіптерді ұсынады. Жаңа жүйе педагогтерге де көмекші құрал болмақ.
Сымбат Наурызбай, Күйкен жалпы білім беретін мектебінің директоры:
Бұл өте күрделі көмекші мамандық бізге себебі, бағытын әлі таңдай алмай жүрген, өзінің әлі кім боларын білмей жүрген, мамандық таңдай алмай жүрген оқушылар үшін үлкен көмек болды. Толық ақпарат берілген. Қалаған университет, қалаған қаласын таңдай алады. Университеттің QR-ын өткізген кезде барлық мамандықтың түрлері шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы